Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

398 қосымша вагон қосылады.

Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады
rail-news.kz
750

Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар ағынының ұлғаюына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша коммерциялық қосымша пойыздар мен вагондарды қосады, деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көктемгі мереке күндері Ұлттық тасымалдаушы қосымша 30 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. «Наурыз мейрамы» кезінде жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты қосымша үш пойыз енгізіледі.», – делінген хабарламада.

Олар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

-№201/202 «Астана-Алматы» жолаушылар пойызы бойынша 4 рейс енгізіледі: Астанадан 18, 20, 22, 24 наурызда сағат 22:00-де жөнелтіліп, Алматыға 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 17:20-да келеді, кері бағытта Алматыдан 19, 21, 23, 25 наурызда сағат 21:00-де жөнелтіліп, Астанаға 20, 22, 24, 26 наурыз сағат 16:10-да келеді;

-№203/204 «Астана-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 3 рейс енгізіледі: Астанадан 17, 20, 23 наурызда сағат 22:37-де жөнелтіліп, Шымкентке 19, 22, 25 наурызда сағат 22:52-де келеді, кері бағытта Шымкенттен 19, 22, 25 наурызда сағат 0:25-те жөнелтіліп, Астанаға 20, 23, 26 наурызда сағат 0:27-де келеді;

-№205/206 «Ақтөбе-Шымкент» жолаушылар пойызы бойынша 2 рейс енгізіледі: Ақтөбеден 20, 23 наурызда сағат 18:15-те жөнелтіліп, Шымкентке 21, 24 наурызда сағат 19:55-те келеді, кері бағытта Шымкенттен 21, 24 наурызда сағат 22:20-да жөнелтіліп, Ақтөбеге 23, 26 наурыз сағат 01:02-де келеді.

Сонымен қатар, Халықаралық әйелдер күні мерекесі мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар пойыздарына, әсіресе тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады.
 

Серіктес жаңалықтары