Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып кетті (ВИДЕО)

Оқиға Қызылсай – Манкент аралығындағы Арыс – Түлкібас учаскесінде болған.

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып кетті (ВИДЕО)
Түркістан облысы. Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысында теміржол көпірінің бір бөлігі опырылып түсті.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан пойыз өтетін көпірдің бір бөлігі құлап түскенін көруге болады. Аталған жағдайдан көпір үстіндегі пойызбен, астындағы өткелде тұрған көліктерге де қауіп төнген.

«Қазақстан темір жолы» АҚ мәліметінше, оқиға 3 наурыз күні Қызылсай – Манкент аралығындағы Арыс – Түлкібас учаскесінде болған. Ауыр баннерден түскен жүктің салдарынан қоршау көпірінің бір бөлігі опырылып құлаған. 

«Ешкім зардап шеккен жоқ, оқиға пойыз қызметіне әсер етпеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ және пойыздарға қауіп төнбеді. Жолды қоқыстан тазарту үшін бригадалар 20 минуттан кейін келіп, автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты. Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - делінген ақпаратта.