Қостанайдың 68 жастағы тұрғынының денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген, деп жазады turkystan.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, зейнеткер әйел 29-ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған.
Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған. Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылды.
Аталған факті бойынша сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.