Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші осымен қатарынан төртінші рет ITF додасында финалға шығып отыр

Дмитрий Попко Аргентинадағы турнирдің финалына шықты
on.kz

Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің финалына өтті, деп жазады turkystan.kz.

Ол жартылай финалда аргентиналық Федерико Агустин Гомеспен кездесіп, 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 335-ракеткасы, бразилиялық Педро Сакамотомен бас жүлдені сарапқа салады.