1178
Алматыда жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі табылды
Өлім себебі туралы ақпарат жоқ
Алматыда қаңтар айында 18 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып, іздестірілген еді. LIDER отрядының еріктілері 1 ай уақыт іздеу жұмыстарынан соң қыздың денесі табылғанын жеткізді, деп жазады turkystan.kz.
Бойжеткен биыл қаңтар айында жоғалып кеткен болатын. 2005 жылы туған қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткеннен оралмаған. Ал еріктілерге хабарлама 12 ақпанда түскен.
Дегенмен бір ай іздеу жұмыстарынан соң, ақпан айында қыздың мәйіті табылды. Өлім себебі туралы ақпарат жоқ.