сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Петропавлда көшеден әйелдің денесі табылды

/
Ашық дереккөз
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Петропавлдағы Алтынсарин көшесінде 50 жастағы әйелдің денесі табылды, деп жазады turkystan.kz СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, 2 наурыз күні полицияға көшеде әйелдің денесі табылғандығы туралы хабарлама түскен. Өлген адамның кім екенін тәртіп сақшылары анықтады. Қазіргі уақытта өлімге не себеп болғанын анықтау үшін мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай айтылмады. 

Бөлісу: