Су спортынан Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы тарихи нәтиже көрсетті
Қазақстандық спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.
Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жүзуден тарихи көрсеткішке қол жеткізді.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, шешуші жарыс күні қазақстандық спортшылар тағы 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
А тобы:
Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй-алтын
Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м - алтын
София Сподаренко, 50 м баттерфляй - алтын
Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м - күміс
В тобы:
Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м - алтын
София Абубакирова, 50 м баттерфляй - алтын
Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй әдісі - алтын
Арсен Қожахметов, 200 м брасс - қола
Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль - қола
Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 20 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Ал жалпы есепте Жапония құрамасы көш бастады. Одлардың еншісінде 36 алтын, 20 күміс, 15 қола медаль бар.
Тағы бір атап өтерлігі, Қазақстан құрамасының жүзгіштері Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатты.
Осылайша су спорты түрлерінің жүзу түрінен бәсеке аяқталды. Енді 1 наурыз күні суға секірушілер арасындағы бәсекелер өз мәресіне жететін болады. Су спортының бұл түрінен қазір Қазақстан қоржында 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар.
Ал 2-6 наурыз аралығында көркем жүзуден жарыс өтсе, 3-9 наурыз аралығында су добының шеберлері өзара үздіктерді анықтайды.