Әнші Саят Медеуов жол апатына түскені жайлы айтты

Ол жол апатына түсіп, бір өлімнен аман қалғанын айтты.

Әнші Саят Медеуов жол апатына түскені жайлы айтты
Саят Медеуов. Фото: instagram.com/sayat_medeuov_888

Белгілі эстарада әншісі Саят Медеуов «ХабарLike» бағдарламасына берген сұхбатында жол апатына түскен сәтін есіне алып, пікір білдірді.

Саят Медеуов соңғы жол апатында ұйықтап жатқандықтан, соқтығысу қалай болғанын білмей қалған. 

«Көлікті негізі қатты жүргіземін. Бірақ қазір барлық жерде камера бар. Қатты жүргізе алмай қалдық. Бірақ мен көлікті қатты жүргізгенімен, өте жақсы жүргіземін. Жол апатына түстім. Осы соңғы бір-екі жылдың көлемінде қатты жол апаты болды. Сол кезде көпшілік «көлікті қатты жүргізесің, содан кейін болды» деп өкпелеп жатты. Ол жерде мен ұйықтап жаттым. Білмей қалдым. Білмей қалғаным да дұрыс болды. Одан кейін қатты қорқып, көлік жүргізе алмай қалар ме ем», - деді Саят Медеуов.