Қазақстанда 19 түрлі тағам қоспасына тыйым салынды

Жаңартылған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған.

Қазақстанда 19 түрлі тағам қоспасына тыйым салынды
24.kz
715

Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресейде 19 тамақ қоспасына тыйым салынды, деп хабарлады turkystan.kz.

24.kz сайтының дерегінше, жаңартылған техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған.

Тізімдегі қоспалардың біразына әлем бойынша шектеу қойылған. Мәселен, құмырсқа қышқылы, қызыл түскен бояушы кантаксантин мен құрамында алюминий бар заттарды айтуға болады. Соңғысы құрғақ сүт, дәмдеуіш пен үгілген ірімшік жасауда қолданылады. Алюминийдің көп мөлшері орталық жүйке жүйесі мен бүйрек қызметін бұзып, онкологиялық аурулар тудыруы мүмкін. Сондай-ақ қант алмастырғыш - стевия да зиянды деп танылды.

«Тамақ құрамында «Е» деген индекспен аталатын қоспаның болуы өте қауіпті. Жаңа техникалық регламенттің 70 пайызы жаңа мәтінмен толықты. Бұл талаптарды толық орындау үшін 6 ай уақыт берілді. Аталған зиянды қоспалардан ада тағам түрлерін ғана Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тұтыну құпталады», – деді ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий.
 

Серіктес жаңалықтары