Қарағандыда ломбард қызметкері 7 млн теңгені қолды қылған

Ол алған қаржыны жабамын деп ойлаған.

Қарағандыда ломбард қызметкері 7 млн теңгені қолды қылған
Zakon.kz
816

Қарағандыда ломбардтан 7 млн теңгені қолды қылған күдіктіге қатысты іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияға қаладағы ломбардтардың бірінің иесі арызбен шағымданды.

«Белгілі болғандай, ломбардқа ревизия жүргізу барысында 7 млн теңге ақша жетіспеушілігі анықталған. Арыз бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу барысында тәртіп сақшылары бұл іске осы мекемеде жұмыс жасайтын 41 жастағы қызметкердің қатысы барын анықтады», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.

Азаматша материалдық жағдайының болмауына байланысты жалған несиелік келісім шарт және кепіл билетін жасаған. Алайда ол алған қаржыны жабамын деп ойлаған.

Қазіргі уақытта өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін қолды қылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары