Шорт-трек: Қазақстан әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі

Шорт-трек: Қазақстан әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды
olympic.kz

Шорт-трекші Алина Ажғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Алина 1500 метр қашықтыққа жарысудан финалға шығып, мәреге екінші болып келді.

Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл Қазақстан тарихында қыздарымыз жеңіп алған шорт-тректен әлем чемпионатының алғашқы жүлдесі.