45 градусқа дейін аяз: 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 22 ақпан, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

45 градусқа дейін аяз: 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы. Фото: qazaqstan.tv

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында — жел күшейеді, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында — тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында 40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус, Абай облысында 35-40 градус, Жетісу облысының таулы аудандарында 27 градус қатты аяз сақталады.