Тарихтағы ең ұлы футболшы аталды

Аргентина президенті Хавьер Милей ең ұлы футболшыны атады.

Тарихтағы ең ұлы футболшы аталды
timeua.info

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы, деп мәлімдеді Аргентина президенті Хавьер Милей. Бұл туралы turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

«Месси - тарихтағы ең ұлы ойыншы, ол феномен және ойынның барлық тұрғысында үздік. Менің онымен сөйлесуге мүмкіндігім болмады, бірақ сөйлескім келеді. Мен Нидерланд патшайымы Максимамен, Рим Папасымен сөйлестім. Бәлкім жолым болып, Мессимен сөйлесу мүмкіндігі туар», - деді Милей La Nacion сайтына берген сұхбатында.

Месси 36 жаста, ол сегіз дүркін «Алтын доп» иегері. Аргентина құрамасы сапында ол 180 матч өткізіп, 106 гол соқты.