Синоптиктер 10 өңірде ескерту жасады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті.

Синоптиктер 10 өңірде ескерту жасады
Ауа райы. Фото: pixabay

2024 жылғы 21 ақпанда Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Риддер, Семей, Өскемен қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.