Қостанай облысында жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды

Өрттің себебі анықталуда.

Қостанай облысында жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды
Қостанай облысы ТЖД
1002

Қостанай облысында өртенген жер үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, Қостанай облысы Денисовский ауданы Антоновка ауылында жер үй өртке оранды.

«Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Қызыл жалынды сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 литр болатын екі газ баллонын шығарды. Сонымен қатар 1978 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», – делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталуда.
 

Серіктес жаңалықтары