Жұлдыз Сүлейменова: Басты мақсат – әйелдер мен балаларды қорғау шараларының тиім­ділігін арттыру

Балаларға және әйелдерге жасалатын зорлық-зомбы­лықпен күрес – қоғам үшін ортақ мәселе.

Жұлдыз Сүлейменова: Басты мақсат – әйелдер мен балаларды қорғау шараларының тиім­ділігін арттыру
parlam.kz
1277

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова «Aiqyn» газетіне берген сұхбатында балаларды қорғауға арналған заң жобасына қатысты өз пікірін білдірді.

– Құжат Мәжіліс депутаттарының бастамасымен Мемлекет басшысының отбасылық және тұрмыс­тық салалардағы зорлық-зомбы­­лықты қылмыстық жауапкершілікке тарту және кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбы­лық­тың кез келген түрі үшін жазаны қа­таңдату туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленді. Бұл заң жобасы мәжілісте қызу талқыға түсті. Өйткені әйел мен бала қауіпсіздігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кім-кімді болмасын толғандырады. Сондықтан аталған заң жобасына қатысты нормалар, толықтырулар мен өзгертулер егжей-тегжей зерттеліп, депутаттар тарапынан көп сұрақ туындатты. Бұл заң жобасымен бірге ілеспе заң жобасы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық­бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Заң жобаларының негізгі мақсаты – барлық азаматтардың, оның ішінде әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларының тиім­ділігін арттыруға бағытталған. Балаларға және әйелдерге жасалатын зорлық-зомбы­лықпен күрес – қоғам үшін ортақ мәселе және ол кеше ғана пайда болған жоқ. Баршаңызға белгілі, 2017 жылы отбасылық зорлық-зомбылыққа жаза декреминализацияланғаннан кейін осындай салдарларға тап болдық. 

Серіктес жаңалықтары