Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді

Қазақстан аумағында байқалмайды

Қазақстандық сейсмологтар екі жер сілкінісін тіркеді
Ашық дереккөз
1493

18 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі екі рет – Қытай мен Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді, деп жазады turkystan.kz.

Сағат 14:59-да тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Сағат 17:20-да тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1 110 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі 35 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Серіктес жаңалықтары