Рахмонов қандай жағдайда спорттан кететінін айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері маңызды сұраққа жауап берді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеді. Бұл туралы кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.
Жекпе-жекке жай төбелесіп, жеңілемін деген оймен шықпаймын. Бар күшімді көрсетемін. Мен жеңілемін немесе қарсыласым жеңіледі деген оймен шығамын. Сол үшін шығар жеңіске жетіп жатқаным. Егер осындай ойым болмаса мен шықпай-ақ қоямын. Мотивациям жоғалса, мінез жағынан басқаша ойлайтын болсам, спортты тастап кетемін. Мен жекпе-жекке шығып, біреулерден таяқ жеп жүретін адам емеспін. Намысым жібермейді, – деді Шавкат Рахмонов. Қазақстандық файтер спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын да сөз етті.
Кәсіппен айналысқан дұрыс қой. Өзіңе-өзің бастық боласың. Ал мемлекеттік қызметке менің сабырым жетпейтін сияқты. Бірақ уақыт көрсетеді. Жақсы ұсыныс болса, күшім жететіндей немесе пайдам тиетіндей жұмыс болса жасаймын, – деді Шавкат Рахмонов.