«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
17 қазанда Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.