Қарағанды әкімі тұрғындарға жылы жемпір киюге кеңес берді
Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері қатты аяз болады
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек алдағы күндері қатты аяз болмақ. 4-5 күн бойы төмпература айтарлықтай төмендеп, ызғарлы күндер болады деп күтілуде. Барлық коммуналдық қызметтердің, әсіресе жылу көздерінің, сумен жабдықтаудың, су бұрудың және электр энергиясының жұмысын ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Жеке сектор тұрғындарына, балабақшалар мен басқа да ұйымдардың директорларына өтінішім бар. Қақаған аязда, әсіресе түнде сантехниканың, тіпті кәріздің қатып қалу қаупі бар. Су құбырының қатып қалуына жол бермеу үшін су құбырларындағы ағынды және тұрақты айналымды сақтап қалу үшін суық су шүмектерін аязда сәл ашық қалдыруды ұсынамын, – деді қала әкімі.