сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Әуе тасымалдаушылары жолаушыларға үндеу жасады

/
freepik.com
Рейс кестесі өзгерді.

Мазмұны

    Әуе компаниялары жолаушыларға үндеу жасады. Бұл туралы turkystan.kz Air Astana-ға сілтеме жасап хабарлады.

    Air Astana Telegram-арнасында Қазақстанның біртұтас уақыт белдеуіне көшуіне байланысты ұшу кестесін түзетілгенін мәлімдеді.

    «Air Astana Қазақстан облыстарының бірдей уақыт белдеуіне көшуіне байланысты рейс кестесін дұрыстады. 1-31 наурыз аралығындағы рейс кестесі өзгерді. Сәуір мен қазан айлары аралығындағы рейстер 1 наурызда бірден автоматты түрде өзгертіледі. Рейс уақыты өзгертілген жолаушыларға SMS хабарлама мен электрон поштасына хат жолданады. Рейс статусын сайтымызда немесе әуекомпанияның мобильді қосымшасында тексеруге кеңес береміз», – делінген хабарламада.

    Бөлісу: