Елімізде жыл басынан бері 13 жаңа балабақша ашылды
Елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Қазақстанда жыл басынан бері 13 жаңа балабақша ашылды, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің мәліметінше, биылдың өзінде еліміздің аймақтарында 1500 орынға арналған 13 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін жаңа балабақшалар ашу және оның желісін кеңейту арқылы 77 мыңға жуық орынға дейін жеткізу жоспарлануда.
«Соңғы бес жылда балабақшаға жолдама алу үшін кезекте тұрғандар саны екі есеге қысқарды. Бүгінде 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту 91 пайызды құрайды. Биыл бұл көрсеткішті 92,5 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – дейді департамент директоры Манар Адамова.
Елімізде барлығы 1 миллионға жуық баланы қамтитын 11 346 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.