Теміртаудағы жарылыс: Бір әйелдің денесі табылды

Үйінді астынан табылған марқұм дүкеннің сатушысы болған.

Теміртаудағы жарылыс: Бір әйелдің денесі табылды
ТЖМ

Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның денесі табылды.

Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бүгін таңертең Теміртауда қос қабатты дүкен ғимаратында газ жарылған болатын. Дүкен опырылып, өртенген.

Сағат 08:44 шамасында үйінді астынан әйел адам шығарылды. 

ТЖМ сағат 09:08 кезінде өрт оқшауланғанын хабарлады.

Айта кетейік, үйінді астынан табылған марқұм дүкеннің сатушысы болған. Екінші зардап шеккен әйел — сауда жасауға келген қала тұрғыны. Қазір ол ауруханада жатыр.