Астана тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған

Елорданың 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Астана тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған
inbusiness.kz
815

Астана тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Елорда тұрғыны белгісіз адам қолдан жасалған ақшамен телефон сатып алғаны туралы арызданған. Жәбірленуші қосымша арқылы IPhone-13 телефонын 220 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырғаны анықталды.

«Түнгі уақытта кездесу туралы келіскен сатушы, жігітке телефонды беріп, төлемді қолма-қол ақшамен алған. Үйге келгенде ол ақшаның қолдан жасалғанын байқап, дереу полицияға хабарлаған», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын анықтады. Телефонды ол ломбардқа тапсырған, заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
 

Серіктес жаңалықтары