Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» кейін қандай салаға кеткенін айтты

Ол тележүргізушілікті қойып, кино саласына қарай бет бұрған.

Дина Төлепберген «Астарлы ақиқаттан» кейін қандай салаға кеткенін айтты
ашық дереккөз
1249

Белгілі тележурналист Дина Төлепберген 13 жыл бойы жүргізген «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан кетіп, қандай салада бақ сынайтынын мәлім етті.

«Астарлы ақиқаттан кеткенімді көбі түсінбей, түрлі ойға балап жатыр. Шынында да, ендігі көңілімді киноиндустрияға бөлгенімді жөн көрдім. Оның Отаны – Болливуд! Қалың орман, әсем табиғат! Нағыз кино өмірдің көрінісін көресіз. Үңіліп қарайтын үнді сериалының тұсауы 130 жыл бұрын осы бір Болливудтың төрінде кесілген. Өзімді құдды бір киножұлдыз сезініп, өзінше эйфорияға, эмоцияға бөленіп қайттым! Ал достар, менен қандай кино, қандай рөлдер көріп тұрсыздар? Үнді сериалының ең үздігі қайсы сіз үшін?», – деп жазды экс-жүргізуші.

Серіктес жаңалықтары