Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтты

Шындыққа негізделген кітап болмақ.

Біржан Хасанғалиев әкесі жайлы кітап жазып жатқанын айтты
ашық дереккөз
2762

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Біржан Хасанғалиев әкесі Ескендір Хасанғалиев жайлы кітап жазып жатқанын мәлім етті. Композитордың ұлы «Менің өмірім» бағдарламасында кітаптың негізгі жұмыстары аяқталып қалғанын жеткізді.

«Кітаптың негізгі жұмысы аяқталды. 200 беттік кітап болады. Тек өңдеу қалды. Қазір жұмысын өзім тоқтаттым. Себебі, тек жазып отырып, үзіліс жасау керек. Сосын 2-3 айдан кейін қайта қарастырып, толықтырамын.

Шындыққа негізделген кітап болмақ. Әкемнің өмірі қалай өтті, қандай сәттері болды, барлығын жасырмай жазу ойыма келді. Қазіргі таңда бәрі солай жазылған. Қазір үзіліс алдым. Бірнеше айдан кейін қайта қарастырамын. Әртүрлі жағдай болды. Оның дарынына, талантына кедергі жасап, аяқтан шалғандар көп болды», - деді Біржан Хасанғалиев.

Серіктес жаңалықтары