«Сирияға кетпек болған»: Шымкентте терроризмдi насихаттады деген күдікті ұсталды

Тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

«Сирияға кетпек болған»: Шымкентте терроризмдi насихаттады деген күдікті ұсталды
ҰҚК баспасөз қызметі
930

1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент қаласында терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

 

Серіктес жаңалықтары