Қаржы пирамидасын құрған тағы бір күдікті Испаниядан экстрадицияланды

1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Қаржы пирамидасын құрған тағы бір күдікті Испаниядан экстрадицияланды
ашық дереккөз
1009

Бас прокуратура қаржы пирамидасын құрғаны үшін тағы бір күдіктіні Испаниядан экстрадициялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бас прокуратура және ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Испания Корольдігінен қаржы пирамидасының қызметіне байланысты трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысқаны үшін күдіктіні экстрадициялады.

«Ол 2016-2017 жылдар аралығында заңсыз материалдық пайда көру мақсатында басқа елдердегі адамдар тобымен «Questra Holding» компаниясын құрды деген күдікке ілінген», - делінген хабарламада.

Қылмыскерлер қаржы пирамидасын әр түрлі елдердің аумағында кедергісіз тарату мақсатында интернет желілерде салымшыларды көбірек тарту үшін компанияның ойдан шығарылған инвестициялық портфельдерін сату туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттар ашқан.

Бұл топ 800-ден астам азаматты алдап, 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер халықаралық іздестіруге жарияланған.

«2022 жылдың желтоқсанында Бас прокуратураның экстрадициялық сұрауы бойынша іздеудегілердің бірі Испания аумағында ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Ұсталғанды экстрадициялау Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы 2012 жылғы 21 қарашадағы шарттың болуына байланысты мүмкін болды.

Серіктес жаңалықтары