Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

Жекепе-жек аса жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған еді.

Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды
инстаграм

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (6-1, 3 КО) Бакудегі кәсіпқой бокс кешінде Пәкістан өкілі Рома Юсафмен (5-1-1, 2 КО) жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жекепе-жек аса жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған еді. Лукас бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберіп, айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. 

Бәріңізді жақсы көремін және қуанышты жаңалықты хабарлағым келіп тұр. Біздің қолымыздан келді! Бүгін мен екінші әлем чемпионы титулын жеңіп алдым. Мақсатым – абсолют чемпион атану! Алға, Қазақстан!, – деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.