Белгілі қазақстандық ауыр атлет өмірден өтті

Бұл туралы Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы мәлім етті.

Белгілі қазақстандық ауыр атлет өмірден өтті
Instagram/wf_rk

Кеше қазақстандық спортшы, ауыр атлет Вячеслав Ершов қайтыс болды.

«2024 жылғы 29 қаңтарда Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының қатысушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады, қайғыға ортақпыз», - деп жазды федерация өкілдері.