Қарағанды облысындағы жолда 17 көлік соқтығысты

Полицейлер тұрғындарға жолға шықпауды ескертеді

Қарағанды облысындағы жолда 17 көлік соқтығысты
zakon.kz

Қарағанды – Теміртау тас жолында ірі жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында болған. 

Ауа райы нашарлап, салдарынан Қарағанды – Теміртау жолында ірі жол апаты болды. Жол апатынан “Алматы - Астана” бағытындағы автобус пен 16 жеңіл көлік соқтығысты. Екі адам ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды ведомство. 

Қарағандылық полицейлер тұрғындарға жолға шықпауды ескертеді.