845
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады
27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» қаңтардың 27-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылып тұрады.
Сондай-ақ жауын, қар жауады (көбінесе қар). Еліміздің батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады.