Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғасы жарылып кеткен

Аталмыш мектепте 564 оқушы оқиды.

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғасы жарылып кеткен
видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылып кеткен. Әкімдік жарықтың көлемі 10 сантиметрге дейін кеңейгенін жеткізді.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болған. Кадрларда мектеп қабырғаларындағы жарықтардың үлкен екені көрінеді.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді. Алайда, олар жер сілкінісінен кейін жарықтар 10 сантиметрге дейін кеңейгенін жеткізді.

“Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖ басқармасы апатты жағдайды мойындамады", - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.