ШҚО-да оннан астам қойды қасқыр қырып кеткен

Оқиға 24 қаңтар күні болған,

ШҚО-да оннан астам қойды қасқыр қырып кеткен
ашық дереккөз

Бірнеше күн бұрын Самар ауданына қарасты Көкжота ауылында қасқыр оннан астам қойды жарып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz.

Nur.kz сайтының мәліметінше, 24 қаңтар күні Орман және аңшылық шаруашылығы жедел отрядының қызметкерлері ауылдан бірнеше шақырым жерде төрт қасқырды атып алды.

Қой қырылып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланған. Ауыл тұрғындары ұсақ мал тұрған қораның жанынан ор қазылғанын байқап, қойды жыртқыш аң жарып кетті деп топшылаған. Алдымен күдік сілеусінге түскен. Алайда ауылға келген Орман және аңшылық шаруашылығы жедел отрядының қызметкерлері қораға қасқыр кірген болуы мүмкін екенін айтқан. Өйткені осы аумақтан қасқыр ізі байқалған.

«Біз қасқырдың ізіне түстік. Қаңтардың 24-і күні қарда жүретін көлікпен барлауға шыққанда Көкжота ауылынан бірнеше шақырым жерден төрт қасқырды байқадық. Жануарлар атылды», - дейді жедел отряд қызметкерлері.