895
Шұлығына есірткі жасырып шекара аспақшы болған шетелдік ұсталды
Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда.
Түркістан облысында шұлығына есірткі жасырып өтпек болған шетел азаматы ұсталды, деп хабаралады turkystan.kz.
Келес аудандық полиция бөліміне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау бекетінен шетелдіктің есірткі алып өтуі мүмкін екендігі туралы хабарлама түсті. Ақпаратты алған полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына жетіп, күдік тудырған Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.
Otyrar.kz сайтының мәліметінше, тексеру барысында тәртіп сақшылары шетелдіктің шұлығынан есірткі тектес затты тәркіледі.
«Алынған зат сараптамаға жіберіліп, қорытындысы бойынша «гашиш» есірткісі болып шықты. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда», – делінген хабарламада.
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.