Депутаттар базардың халық игілігіне қайтарылуын сұрады

Бір кезде өз қаржысымен жұмыс істеген базар, кейін, әуелі әлсіретіп, борышқа кіргізіп, сенімді басқару арқылы сатылуға қойылған.

Депутаттар базардың халық игілігіне қайтарылуын сұрады
ашық дереккөз
1328

Депутаттар Бақтықожа Ізмұхамбетов, Айдос Сарым, Ермұрат Бәпи Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, Атырау облысындағы «Сарайшық» базарының халық игілігіне қайтару туралы мәселе көтерді.

Атырау облысында 2013-2015 жылдары жергілікті бюджет есебінің қолдауымен оннан аса ауыл шаруашылығы жобалары жүзеге асты. Нәтижесінде сиыр сүті, ешкі сүті өнімдері, тауық, бөдене  жұмыртқалары, бау-бақша, көкөніс, ет және ет өнімдері шығарыла бастаған. Осы азық-түлік делдалсыз, арзанырақ, қолжетімді бағамен сатылуы үшін жергілікті бюджеттен ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арқылы бөлінген қаржыға коммуналдық базар салынып, 2015 жылы іске қосылып, қосымша қаржысыз аз табысымен жұмыс істеп келген.

Өкінішке орай, осы базар 2021 жылдың 8 сәуірінде сенімдік басқару арқылы сатылуы заңдастырылған. Онан кейінгі жылдарда бұрынғы арзан баға жойылған. Әкімшіліктің халықтың қаржысына (процентсіз кредитке) салған базарын халық кері қайтаруды талап етіп, облыстың қазіргі жаңа басшысы оны орындаған. Бірақ базарды алған іскер халықтың базарын өзінде қалдыру үшін әлі соттасуда. Таңқаларлығы, күмәнді себептермен бұл іс жалғасуда. Бір кезде қала халқы кезекке тұрып, арзан тамақ жинайтын базар қолды болып, халыққа (қала меншігіне) кері қайтарылу ісі бітпей отыр, – дейді депутаттар.

Бір кезде өз қаржысымен жұмыс істеген базар, кейін, әуелі әлсіретіп, борышқа кіргізіп, сенімді басқару арқылы сатылуға қойылған. депутаттар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың әлеуметтік жағдайы үшін жасалған «Сарайшық» базарының халық игілігіне (қала меншігіне) кері қайтарылуын заңдастыруды сұрады.

Серіктес жаңалықтары