Пышақпен қорқытқан: Түркістанда жас жігіттен ақша талап еткен күдікті ұсталды

Ер азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Пышақпен қорқытқан: Түркістанда жас жігіттен ақша талап еткен күдікті ұсталды
polisia.kz

Түркістанда жас жігітті пышақпен қорқытып, ақша талап еткен азамат қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz.

 Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданып, тал түсте көше бойында өзіне бейтаныс адам пышақпен қорқытып, 200 мың теңге ақша талап еткенін жеткізді.

«Жедел әрекетке кіріскен тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар 27 жастағы жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, оқиға 14:00 шамасында көше бойында болған. Жас жігіт досының үйіне жаяу бара жатқан тұста алдынан бейтаныс ер азамат шығып, пышағын көрсетіп, қорқытқан. Артынша ақша талап еткен. Жас жігіттің қалтасында ақша болмағандықтан, күдікті оның телефонын алып кеткен», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Ер азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.