ҰҚК есірткінің рекордтық партиясын тәркіледі

Тінту кезінде 200 кг астам "мефедрон" есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды.

ҰҚК есірткінің рекордтық партиясын тәркіледі
ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "синтетиканың" аса ірі партиясы тәркіленгені туралы хабарлады.

2024 жылғы 18 қаңтарда Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындау процессінде есірткі зертханасын ұйымдастырушы, 1997 жылы туған Қазақстан азаматы қылмыс үстінде ұсталды.

Тінту кезінде 200 кг астам "мефедрон" есірткісінің дайын өнімі және 100 литр шикізаты алынды.

Алынған "мефедрон" көлемі шамамен 610 мың бір реттік дозаға эквивалентті.

Айта кетейік, есірткілер Қазақстан аумағында өткізу үшін арналған. Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.