958
Оралда қырықаяқтың уынан тұрғындар зардап шекті
Орал тұрғыны зиянкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен.
Оралда қырықаяқтың уынан бес адам зардап шекті. Олардың ішінде бес жасар қыз бар, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Qazaqstan арнасы мәлімдеді.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы тұрғын зиянкестерді жою үшін пәтеріне химиялық зат сепкен. Салдарынан көпқабатты үйде тұратын көршілері уланып қалған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері түнгі сағат 22:00-де бес адам жедел жәрдем арқылы қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың біреуі – ер адам, үшеуі әйел адам және біреуі бүлдіршін. Бәрі де таңға дейін дәрігерлердің бақылауында болып, жағдайлары тұрақталған соң үйлеріне жіберілген.