Шымкентте Дендросаябақтың заңсыз бөлінген жерлері мемлекет меншігіне кайтарылды

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлім етті.

Шымкентте Дендросаябақтың заңсыз бөлінген жерлері мемлекет меншігіне кайтарылды
dzen.ru
756

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысының нәтижесімен бөлісті.

Ол Шымкент қаласының Дендросаябағының заңсыз берілген 0,29 га жері қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылғанын айтты.

«2022 жылы мен тәуелсіз жер құқығы сарапшысы мен «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының төраға орынбасары ретінде Шымкент қаласы әкімінің 23 желтоқсан 2005 жылы №2096 қаулысы негізінде Дендросаябақтың заңсыз шығарылған 0,2430 га көлемінде жерінің (кадастрлік номері: 19-309-094-050, кейінгі кадастрлік нөмері: 22-328-002-006) заңсыз үшінші тұлғалардың иелігіне табысталғанын тексеру мен қайтадан мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде арызымды ҚР Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Мұрат Теміржановқа жолдаған болатынмын. Мұрат Баритұлының хатымен Шымкент қаласының Жер ресурстарын басқару Департаменті тексерісті ашып, тексеру нәтижесінде Жер кодексінің 39,43,44, 108,109 баптарының нормаларының қатаң бұзылғанын анықтап, Дендросаябақ басқармасының атына ұсыныс түсірді. Түскен ұсынысты орындау мақсатында Дендросаябақ заңсыз шығарылған жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару және заңсыз әкімдердін шешімдерін бұзу туралы сотқа шағым түсіріп, 2023 жылы соттарды жеңіп шыққан.

Ресми түрде 0,29 га жердін мемлекеттік меншікке қайтарылғанын мәлімдеймін. Сот барысын «Жер аманаты» комиссиясымен қадағалап, заңсыз шығарылған әкімдердің қаулыларының бұзылуын бақылап отырдық.

Бүгін «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясы мүшесі Жанарбек Әшімжан, Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Мұрат Теміржановпен, инспекторлары, Шымкент қаласы әкімдігі, «AMANAT» партиясы басшылығымен Дендросаябақтың қайтарылған жерлерін ресми тексеріп қайттық.», - деді Б. Базарбек Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ заңгер «Кең-баба» саябағын мемлекеттік меншікке қайтару туралы сотқа бергенін хабарлады.

«Бүгін Шымкент қаласында жеке меншікке өтіп кеткен Кең-баба саябағына да келіп, тексеріп кеттік.

Шымкент қаласы әкімінің 08.09.2009 жылғы  №1391 қаулысымен саябақтың 2,641 гектар жер үшінші тұлғаларға 10 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығына беріліп кеткен (жердін кадастрлік номері: №19-309-010-1042). Кейін, аталған жер Шымкент қаласы әкімінің 02.02.2011 жылғы №108 қаулысымен жеке меншікке өтіп кеткен.

Бүгінгі «Жер аманаты» республикалық жер комиссиясының қорытындысы бойынша Жер ресурстарын басқару Комитетіне менің тарапымнан тиісті арыз жолданып, тексеріс ашылады. Тексеру қорытындысы бойынша жоғарыда аталған әкімдердін қаулылары бұзылып, «Кең-баба» саябағы мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады», - деп жазды заңгер.

 

Серіктес жаңалықтары