9 өңірде ескерту жарияланды
Ертең ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК ауа райына байланысты 9 өңірде ескерту жариялады, деп жазады turkystan.kz.
22 қаңтарда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: жел шығыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, тұман күтіледі. Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде қарлы бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: қарлы бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: кей уақытта тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.