859
Президент Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды.
Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.