1163
Президент ресми сапармен Италияға барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаевты күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, Президент "Қазақстан-Италия" инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.