Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)

/
Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды (ВИДЕО)
Алматы ПД

Алматы көшелерінде 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ ұстап жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр. 14 қазан кешкі сағат бес шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданы Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстаған.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.

Алайда бұл мәлімет әлі тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары