Өскемендегі зауыт аумағында өрт шықты

/
Өскемендегі зауыт аумағында өрт шықты
Видеодан скриншот

Өрт сөндірушілер Өскемендегі зауыт аумағында шыққан өртті сөндірді. Жалын 720 шаршы метр аумақты шарпыды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, Өскеменде Малдыбаев көшесінде орналасқан конденсатор зауытының аумағында өрт шыққан.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталған.

"Өрт сөндірушілер дереу сөндіру жұмыстарына кірісті. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт 720 шаршы метр аумақта сөндірілді", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары