Солтүстік Қазақстанда дәрігерлер әйелдің құрсағынан 10 келілік ісікті алды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Astana TV арнасына сілтеме жасап.
48 жастағы науқас ішінде киста өсіп жатқаны жайлы бір жыл бұрын білген. Алайда оған аса мән бермесе керек. Уақыт өте келе оның ауруы дендеп, жағдайы нашарлай бастаған. Ізінше онкологиялық диспансерде операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ісіктің бастапқы көлемі бұдан да ірі болған. Оны алып шығу үшін олар әйелі алдымен дренаждау әдісі арқылы көлемін кішірейткен.
«Науқастың дене салмағы 150 кг болса, ісіктің салмағы шамамен 10 келі болды», - дейді дәрігерлер.