1335
Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі.
Қазгидромет еліміз бойынша 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклон бәсеңдей бастайды. Осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі.
«Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынның арты қарға ұласады. Көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда ел аумағында тұман күтілуде», – делінген хабарламада.