933
Үш облыста жол қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің 3 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 12 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында - 1 учаске:
- Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахманов кілттері тасжолы, 46-66 км, Северное а. – Серебрянск қ. – 79 км.
Жамбыл облысында - 1 учаске:
- Алматы-Ташкент-Термез тасжолы, 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км.
Батыс Қазақстан облысында - 10 учаске:
- Орал-Тасқала-РФ шекарасы тасжолы, 4-104 км, Орал қ. - РФ шек. - 100 км;
- Чапаево-Жалпақтал-Казталовка тасжолы, 0-213 км, Чапаево а.- Казталовка а. - 213 км;
- Өнеге-Бисен-Сайхин тасжол, 0-103 км, Өнеге а.-Сайхин а. - 103 км;
- Казталовка-Жәнібек-РФ шекарасы тасжолы, 0-158 км, Казталовка а. - Жәнібек а. – 158 км;
- Самара-Шымкент тасжолы, 195-251 км, РФ шек.-Орал қ. – 56 км;
- Самара-Шымкент тасжолы, 261-393 км, Подстепное к. - Жымпиты к. – 132 км;
- Атырау-Орал тасжолы, 189-492 км, Атырау обл. шек-Орал қ. – 303 км;
- Орал-Теплое тасжолы, 5-33 км, Орал қ.- РФ шек. - 28 км;
- Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы тасжолы, 0-36 км, Подстепное к.-Федоровка а. - 36 км;
- Жайық өзені арқылы өтетін көпір өткелі тасжолы, 0-14 км, Подстепное к.-Құс фабрикасы – 14 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 725 бірлік техника және 1372 адам жұмылдырылды.