913
Қазақстан тағы бір елмен визасыз қатынауға келісті
Визасыз режим 6 қаңтардан бастап күшіне енді.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Қазақстан мен Сейшель аралдары арасындағы визасыз режим қазірдің өзінде күшіне енгенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Визасыз режим 6 қаңтардан бастап күшіне енді.
«Қазақстан мен Сейшел аралдары 2023 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Құжатқа БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Сейшел аралдарының Сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр Радегонд арасындағы келіссөздер барысында қол қойылды», - деді Айбек Смадияров.