Жел, тұман, көктайғақ: 17 өңірде ескерту жарияланды
14 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК 17 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
14 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, тау асуларында жаяу борасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 14 қаңтарда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Түркістан қ.: 14 қаңтарда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.
Астана қаласында бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта екпіні 18-23 м/с.
Ақмола облысының шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 14 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.
Солтүстік Қазақстан облысының қар, облыстың солтүстігінде қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының жауын-шашын (көбіне қар), солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 14 қаңтарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 14 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 14 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі. Ақтау қ.: 14 қаңтарда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың батыстан, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 14 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 15 қаңтарда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 14 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 14-16 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 14 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15 қаңтарда түнде қатты қар күтіледі. 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 14 қаңтарда екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.